Жапон ғалымдары коронавирустың таралуын тоқтататын дәріні анықтады
Жапон ғалымдары коронавирустың таралуын тоқтататын дәріні анықтады
Жапон ғалымдары нельфинавир антиретровирустық препараты SARS-CoV-2 коронавирусының таралуын тоқтата алатынын анықтады. Бұл туралы RBC порталы хабарлады.
Нельфинавир басқа да антиретровирустық препараттармен қоса адамның имун тапшылығы вирусына қарсы қолданылады. 9 дәріге салыстырмалы зерттеу жүргізген Исехареде Токай университетінің ғалымдары нелфинавир тіпті аз мөлшер қолданған кезде де коронавирустың таралуын тоқтата алатынын аңғарған. Зерттеу нәтижесіне сүйене отырып жапон зерттеушілері бұл дәріні коронавирусқа қарсы тиімді препараттар тізіміне қосуды ұсынды.
Бұған дейін Австралияның Монаш университеті мен Мельбурндағы корольдік аурухана ғалымдары ивермектин препараты коронавирусты екі күнде басатынын анықтаған болатын.
Мамандар ивермектиннің коронавирус жұқтырған жасушаларға әсерін талдап, вирус жұқтырудан екі сағат өткен соң антипаразитті дәріні қосқан. Препараттың бір дозасы 24 сағаттан кейін вирустық РНҚ мөлшерін 93 пайызға төмендеткені белгілі болды. Ал 48 сағат өткен соң РНҚ 99 пайызға азайған. Зерттеушілер ғылыми тәжірибе кезінде ивермектин үлгілерге уытты әсер бермегенін алға тартты.