Жаңалықтар

Алматыда екі күнде 27 медицина қызметкерінен коронавирус анықталды

ашық дереккөзі

Алматыда екі күнде 27 медицина қызметкерінен коронавирус анықталды

Алматыда 12 сәуірде COVID-19 вирусын жұқтырған 15 медицина маманы анықталды, олардың қатарында бір жүкті әйел бар. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Екі күннің ішінде вирусты 27 медицина қызметкері жұқтырғаны тіркелді. Олардың қатарында дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкері және т. б. мамандар бар. Полисегментарлық пневмонияға байланысты екеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қалғандарының денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда.