Жаңалықтар

Борис Джонсон ауруханадан шықты

ашық дереккөзі

Борис Джонсон ауруханадан шықты

Коронавирусқа шалдығып, Лондондағы Сент-Томас ауруханасында жатқан Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон дертінен айықты. Бұл туралы ВВС хабарлады.  Борис Джонсон көрсеткен көмегі үшін Сент-Томас ауруханасының барлық қызметкерлеріне алғыс айтты. Дәрігерлердің кеңесі бойынша Ұлыбритания үкіметінің басшысы  жұмысына әзірге оралмайды. Еске сала кетсек, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 27 наурызда өзінің коронавирус жұқтырғанын растаған еді. Бастапқыда үйінде оқшауланып, жұмысын қашықтан атқарған премьердің жағдайы нашарлап, 5 сәуірде ауруханаға түсті. 6 сәуір күні дерті асқынған үкімет басшысы қарқынды терапия бөліміне ауыстырылған.