Коронавирустан емделіп шыққандар саны 99-ға жетті

12 сәуір, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Коронавирустан емделіп шыққандар саны 99-ға жетті Елімізде тағы 13 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.  Оның ішінде Алматы қаласында - 12 адам, Батыс Қазақстан облысында - 1 адам бар. Қазақстан бойынша жазылғандар саны 99-ға жетті. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 911-ге жеткенін хабарлағанбыз.