Жаңалықтар

Коронавирус: Ертеңнен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары тегін тестілеуден өте алады

ашық дереккөзі

Коронавирус: Ертеңнен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары тегін тестілеуден өте алады

13 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының тұрғындары «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханаларынан коронавирусты  анықтайтын тегін тестілеуден өте алады.  «Құрметті пациенттер. 13 сәуірден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша тегін экспрес-тестілеуден өтуге болатынын хабарлаймыз. Одан өту үшін пациент www.cdl.kz сайтында анкета толтыруы керек. Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары адамдар тобының эпидемиологиялық анықтамасы негізінде таңдайды. Артынша бекітілген тізімдер «Олимп» КДЗ-ға түседі», - деп жазылған «Олимп» зертханасының Facebook парақшасында. Тізімге енген азаматтарға орталық қызметкерлері хабарласып, тестілеуден өтетін уақытын айтады. «Оператор нұсқаған процедуралық кабинетке маска киіп, жеке куәлікті алып, кешікпей келу керек. Кезекте тұрған адамдар бір-бірінен 1,5-2 метр қашықтықта болуы тиіс. Процедуралық кабинеттен өткеннен кейін коронавирус бойынша экспрес-тест алынады. Анализ қорытындысы анкетада көрсетілген поштаға жолданады. Маңызды жайт: Пациенттің температурасы байланыссыз өлшеу құралымен жүргізіледі. Қызуы көтеріліп тұрған адамнан анализ алынбайды. Өздігімен процедуралық кабинетке, оператормен сөйлеспей келуге болмайды», - делінген «Олимп» хабарландыруында.