Мемлекет басшысы қазақстандықтарды ғарышкерлер күнімен құттықтады

12 сәуір, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды ғарышкерлер күнімен құттықтады Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ғарышкерлер күнімен құттықтады. «Баршаңызды бүгінгі тамаша мереке - Ғарышкерлер күнімен құттықтаймын! Қазақстан әлемдік космонавтиканың дамуына зор үлес қосқаны сөзсіз. Байқоңыр - ғарыш кеңістігін игерген адамзат жетістігінің символы. Қазақ ғарышкерлерін мақтан тұтамыз!», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасына.