Жаңалықтар

АҚШ тарихында болмаған: Трамп елдің барлық 50 штатында төтенше жағдай режимін енгізді

ашық дереккөзі

АҚШ тарихында болмаған: Трамп елдің барлық 50 штатында төтенше жағдай режимін енгізді

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің барлық 50 штатына "ірі апат" режимін енгізді. Бұған дейін төтенше жағдай енгізілмеген жалғыз штат – Вайоминг болатын. Кеше Ақ үй басшысы бұл штатқа да "ірі апат" режимін енгізді. Бұл туралы президент администрациясының өкілі Джадд Дир «Твиттерде» хабарлады.   9 сәуірде Вайоминг штатының губернаторы Марк Гордон мемлекет басшысына өзі басқаратын аумақта төтенше жағдай режимін енгізу жөнінде өтініш білдірген. Трамп штат басшысының үндеуін қабылдап, тиісті жарлық шығарды. Ел аумағын түгел қамтыған төтенше жағдай АҚШ тарихында бұрын-соңды болмаған, деп жазады Fox News. Әлемдегі коронавирусқа байланысты жағдайды жіті қадағалап отыратын BNO News ақпаратынша, АҚШ-та індетті жұқтырғандардың саны 533 мың адамнан асқан. COVID-19 вирусынан бұл елде 20,5 мың азамат қаза болған. Індеттен 30 мыңға жуық адам айыққан.   Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, әлемде коронавирус жұқтырудың 1,7 млн адамнан асып жығылды. Кесірлі кеселден 109 мың адам көз жұмды. Коронавирустан әлем бойынша 407,6 мың адам емделіп шықты.  Ал Қазақстанда 86 адам дертінен айықты.