Асхат Аймағамбетов қазақстандық ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады

Сондай-ақ!

Подъездегі картиналарды ұрлаған елордалық ұсталды

Полицияға «Манхэттон» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан арыз түсті, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті. Олардың айтуынша, белгісіз біреу бірінші қабатта қабырғада ілініп тұрған...

Қостанай облысында дәрігер жетім балалардың азық-түлігін алып отырған

Қостанай облысында балалар үйінің бас дәрігеріне үкім шығарылды, деп хабарлайды Арқалық қалалық соты. "2016-2019 жылдар аралығында балалар үйіне 30 жетім бала үшін азық-түлік жеткізіліп отырған,...

Жастарға жігер беретін жоба

Мемлекеттің басты капиталы – қазба байлықтары емес, ұшқыр ойлы, білімді азаматтары. Кез келген елдің болашағы қолынан іс келетін, қоғамды алға сүйрей алатын адамдарға тәуелді....

Ұлттық банк ескертеді: қаражат туралы хабарламаны тексеріңіз

Қазақстан Ұлттық банкі қаражат жіберу туралы өтініші бар электрондық хаттар мен анонимді телефон қоңырауларын елемеуге шақырады. «Белгісіз банктік шоттардың деректемелері қамтылған, кездейсоқ ақша алу...

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады. 

«Бүгін – Ғылым күні! Бұл салада 22 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Ғылымсыз, жаңа технологиялар мен білімді енгізбестен экономикада да, әлеуметтік салада да табысқа жету мүмкін емес, сондықтан ғылымның дамуына өз өмірін арнаған және барлық күш-жігерін жұмсайтын адамдарды бағалауымыз қажет. Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемде ғалымдардың рөлі қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Біздің ғалымдарымыз, атап айтқанда ҚР БҒМ Ұлттық биотехнология орталығының қызметкерлері штамның өзі болмастан, небәрі 6 күн аралығында коронавирусты анықтауға арналған бірегей тест-жүйе әзірледі», – деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Асхат Аймағамбетовтің жазуынша, қазақстандық ПТР жүйесі жоғары дәлдікке ие әрі оның үстіне Уханда табылған коронавирусты ғана емес, SARS-CoV-2 секілді басқа коронавирус штамдарын да анықтауға қабілетті. Қазір биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты мен Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары COVID-19 коронавиру инфекциясына қарсы вакцина әзірлеуге кіріскен.

«Қазақстан ғылымы зор әлеуетке ие. Ғалымдардың еңбектері әлемнің жетекші ғылыми журналдарында жиі жарияланады. 2011 жылмен салыстырғанда «Scopus» деректер базасында қазақстандық ғалымдардың жарияланымдарының жалпы саны 34,5 есе, «Web of Science» деректер базасында – 59 есе өсті. Кейінгі бес жыл ішінде отандық ғалымдардың әрбір бесінші жарияланымы әлемнің ғылыми журналдарының үздік 25-тігіне ілінді. Ғылыми жарияланымдар авторларының саны 3 есе өсті», – дейді Асхат Аймағамбетов.

Министр дегенмен ғылымды одан әрі дамыту үшін елеулі өзгерістер, басқару жүйесі мен қаржыландыру тетіктерін жетілдіру керектігін айтады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке қаржыландыруды айтарлықтай ұлғайтуды тапсырып, қазір жүйені сапалы өзгерту бойынша түбегейлі шаралар қабылданып жатыр.

«Біріншіден биыл алғаш рет ғылыми-зерттеу институттарының инфрақұрылымын жаңартуға қаражат бөлінді. Келесі жылы біз ғылыми ұйымдардың жабдықтары мен зертханаларын белсенді түрде жаңартамыз. Екіншіден ғылыми бағдарламаларды гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға арналған байқаулар енді үш жылда бір рет емес, жас ғалымдар арасындағы байқаулар секілді жыл сайын өткізіледі. Үшіншіден қаржыны бөлу бойынша ашықтықты арттыру бойынша жұмыс басталды. Өтінім сапасына талаптар да қатаяды. Төртіншіден министрлік жоғары оқу орындары мен академиялық ғылымның интеграциясын жандандырмақ. Біз конкурстық негізде «академиялық басымдылық орталықтары» құрылатын үздік 10 оқу орнын іріктеуді шештік. Бесіншіден ғылымды қаржыландыру көлемі 2020-2022 жылдарға екі есе ұлғайды. 2025 жылға қарай ол жалпы ішкі өнімнің 1 пайызын құрайды», – дейді министр.

Сондай-ақ ғалымдарға әлемдік ғылыми орталықтарында зерттеу тағылымдамасынан өту үшін арнайы гранттарды бөлу жоспарланған. Қазірдің өзінде тіл білімі, тарих, философия, әдебиет және басқа салада іргелі зерттеулермен айналысатын ірі институттардың ғылыми жобаларын тұрақты қаржыландыруға көшіру жұмыстары жүргізілуде. Олар гранттар алуға тәуелді болмай, тұрақты зерттеулер жүргізуі тиіс. Осы және өзге де көмек-қолдауларды айта келе министр ғалымдарды бүгінгі мерекесімен құттықтады.

«Құрметті ғалымдар! Қымбатты әріптестер! Сіздер еліміздің тірегі және біздің мақтанышымызсыздар. Сіздер – Қазақстанды жаңашылдыққа бастайтын және тың серпілістерге жетелейтін алдыңғы қатарлы қауымның өкілісіздер. Жұмыстарыңызға табыс, бірегей идеялар мен зор денсаулық тілеймін! Мерекелеріңізбен, ардақты ағайын!» – деп түйді министр.

 

Редакция таңдауы

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...

Қайырымдылықпен айналысушылардың 71 пайызы – қарапайым халық

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қайырымдылық және еріктілер –...

Подъездегі картиналарды ұрлаған елордалық ұсталды

Полицияға «Манхэттон» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан арыз түсті, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан...
балалар үйі

Қостанай облысында дәрігер жетім балалардың азық-түлігін алып отырған

Қостанай облысында балалар үйінің бас дәрігеріне үкім шығарылды, деп хабарлайды Арқалық қалалық...

Жастарға жігер беретін жоба

Мемлекеттің басты капиталы – қазба байлықтары емес, ұшқыр ойлы, білімді азаматтары. Кез...

Ұлттық банк ескертеді: қаражат туралы хабарламаны тексеріңіз

Қазақстан Ұлттық банкі қаражат жіберу туралы өтініші бар электрондық хаттар мен анонимді...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...