42500 теңге алуға өтінім жібергендер өз статусын онлайн түрде тексере алады

42500 теңге алуға өтінім жібергендер өз статусын онлайн түрде тексере алады

42500 теңге алуға өтінім жібергендер өз статусын онлайн түрде тексере алады
ашық дереккөзі
42 500 теңгені алу үшін өтінім жіберген қазақстандықтар енді оның статусын онлайн түрде тексере алады. Қазақстанда бұл бағытта қызмет көрсететін арнайы сервис іске қосылды. Президенттің цифрландыру және инновациялық технологиялар бойынша кеңесшісі Бағдат Мусин 42500.enbek.kz сайтында жаңа қызметтің іске қосылғанын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.  Оның айтуынша, соңғы кезде жіберген өтінімдердің тағдырын білгісі келіп хабарласқан қазақстандықтар өте көп болған. Мусин бұл мәселе халық үшін аса маңызды болып тұрғанын айтты. Енді Қазақстан азаматтары өздері жіберген өтінімнің статусын онлайн түрде біле алады. Президент кеңесшісінің хабарлауынша, аталмыш сервисті іске қосу үшін еңбек министрлігі мен президент аппаратындағы IT-штаб қызметкерлері жұмыс істеген. Өтінімнің статусые тексеру үшін төрт әрекетті орындау керек:
  • 42500.enbek.kz сайтына кіру
  • "Өтінім статусын тексеру" батырмасын басу
  • ЖСН мен жеке куәлік нөмірін енгізу
  • "Мен робот емеспін" деп түртіп, "Тексеру" батырмасын басу керек.
Тексеріс іске қосылған соң, өтінім статусы дереу түрде экранға шығу керек. Оған қоса, Мусин бір құрылғыдан бір сағат ішінде үш тексеріс жасауға болатынын алға тартты.