Атыраулық дәрігерлердің үстемақысына 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
Атыраулық дәрігерлердің үстемақысына 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
Атырау облысында коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге үстемеақы төлеу үшін 959 миллион 997 мың теңге бөлінді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек мәлімдеді.
«Қазір «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен Атырау облысына коронавирус инфекциясымен күрес жүргізетін медицина ұйымдарының қызметкерлеріне жалақыға қосымша үстемеақы төлеуге 959 миллион 997 мың теңге бөлінді. Ал, 9 сәуірден бастап қордың Атырау облысы бойынша филиалымен медицина ұйымдарына алдын ала төлем жүргізілді. Оның ішінде облыстық жедел жәрдем станциясына 20 миллион теңге, облыстық және аудандық ауруханаларға 268 миллион теңге аударылды. Медицина ұйымдарының қызметкерлері тиісті үстемеақыларын алды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жағдайға үнемі жан-жақты талдау жасап отыр. Медициналық ұйымдарды қаржыландыру тоқтатылмайды. Бұл тиісті кесте бойынша жүргізіле береді» -дейді С. Құралбек.