Жаңалықтар

Дәрігерлерге берілетін үстемақы: барлық аймақта арнайы комиссия құрылды

ашық дереккөзі

Дәрігерлерге берілетін үстемақы: барлық аймақта арнайы комиссия құрылды

Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерді қаржылық тұрғыда қолдауды ұйымдастырып, қосымша төлемді бөліп беру мақсатында өңірлердегі жергілікті атқарушы органдар тиісті комиссия құрды. Комиссия қосымша ақыны қауіп тобына қарай бөліп береді. Жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін комиссияның құрамына аймақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері, облыстың денсаулық сақтау басқармаларының, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларының, Nur Otan партиясының, кәсіподақтардың мүшелері енді. «Комиссия төрағасы – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы орган басшыларының орынбасарлары, ал комиссия төрағасының орынбасары қызметіне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті денсаулық сақтау органы лауазымды тұлғалары тағайындалды», – деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінен. Жергілікті атқарушы органдарда құрылған комиссияның толық тізімімен танысуға болады.