Көлікті мас күйінде жүргізген ақтөбелік бас бостандығынан айырылды
Көлікті мас күйінде жүргізген ақтөбелік бас бостандығынан айырылды
Ақтөбе облысында төтенше жағдай режимін бұзған 267 дерек тіркелді. Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге көшеде карантин ережесінің сақталуын бақылап жүр.
ӘҚБтК «ТЖ режимін бұзу» бабы бойынша 62 адам қамалды. Сонымен бірге 113 адамға айыппұл салынды. Кодекстің «ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер» бабы бойынша 25 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 14 айыппұл салынып, 10 адам қамауға алынды.
«Өзі Нұр-Ақтөбе ықшам ауданында тұрады, бірақ қаланың орталық көшесінде жүр. Полиция 44 жастағы ер адамды тоқтатып, ҚР ӘҚБтК «ТЖ режимін бұзу» бабы бойынша 5 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Сонымен бірге өңірде мас күйінде көлік жүргізгендер анықталды. Ақтөбе облысында 48 факті тіркелді. Жүргізуші куәлігінен айырылған бес адам тағы мас күйінде ұсталды. Кейбірі жол-көлік оқиғасына себеп болды. Мысалы, бір ақтөбелік көлік құралын алкогольдік масаң күйде жүргізгені үшін екі жылға бас бостандығынан және өмір бойы жүргізуші құқығынан айырылып, сотталды. Тағы біреуі есірткі тұтынған. Ол да 3 жылға бас бостандығынан айырылды», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Облыстық полиция департаменті биылдан бастап көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін жауапкершілік күшейгенін еске салады.