Алматыда тағы 12 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырды

Алматыда тағы 12 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырды

Алматыда тағы 12 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырды
ашық дереккөзі
Алматыда соңғы тiркелген 14 жағдай бойынша олардың 11 әйел, қалған үшеуі ер адам екені белгілі болды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. 13 жағдай сол жерде байланыста болғандардан және 1 жағдай сырттан жұқтырылған. Оның ішінде 11 әйел және үш ер адам. Қалада коронавирус инфекциясының 137 расталған оқиғасы тіркелген. Инфекциялық стационарларда 108 жағдай (облыстардан), оның ішінде 4 бала. 80 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Жетеуікі ауыр, 21 ересек адамның жағдайы (облыстың бiрiнде) орташа. Оның 12-і қалалық стационардың қызметкерлері. Олардың арасында екі дәрігер және 10 медбике бар. Екі адамның жағдайы полисегментті пневмонияға байланысты ауыр деп бағаланады. Қалғандары қанағаттанарлық. «Өкінішке орай, зардап шеккендердің арасында халыққа медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым қызметкерлері арасынан пациенттер тіркелген. Біз халықты үрейленбеуді сұраймыз! Осы санаттағы адамдар карантинге қарамастан өздерінің лауазымдық міндеттерін атқарды. Олар ауру қауіпті аймақта тұрған алғашқы адамдардың бірі, өйткені алдыңғы қатарда тұр. Олар емделуші оған мұқтаж болған кез келген жағдайда көмек көрсетті. Олар кез келген адамнан, оның ішінде симптомсыз тасымалдаушыдан жұқтыруы мүмкін. Қазіргі уақытта эпидеомологиялық тергеу жүргізілуде. Жағдай қаланың жедел штабының бақылауында. Инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша белгілі бір шаралар жүргізілуде. Олармен байланыста болған барлық адамдар іздестіріліп, карантинге орналастырылады», – деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев. Қалған екеуі жергілікті байланыста болған 2000 жылғы жас жігіт, ал 24 жастағы қыз Куалу-Лумпур рейсімен ұшып, ол стационарда. Провизорлық орталықтарда 138 адам, олардың – 9 бала, 386-i карантинде, ал 5 334 адам үй карантинінде.