Джек Ма Қазақстанға медициналық қорғаныс құралдарын жіберді
11 сәуір, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Джек Ма Қазақстанға медициналық қорғаныс құралдарын жіберді
10 сәуірде Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен Шицзячжуан қаласынан (Хэбэй провинциясы) «Джек Ма» және «Alibaba» қорларынан медициналық қорғаныс құралдары Алматы қаласына жеткізілді, – деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
«4,5 тонна гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ алыстан анықтайтын термометрлер бар. Сонымен қатар, алдағы күндері аталмыш қорлар Қазақстанға СOVID-19 вирусын анықтайтын экспресс тестерді және өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберуді жоспарлап отыр», – делінген хабарламада.