Жаңалықтар

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 840 адамға жетті

ашық дереккөзі

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 840 адамға жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 28 адам анықталды. Елімізде жалпы 840 жағдай тіркелген, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Коронавирус бойынша 11 сәуір 10:00-дегі эпидемиологиялық жағдай белгілі болды. Коронавирус індетін жұқтырған 28 адам тiркелді. Нұр-Сұлтан қаласында – 1 адам, Алматы қаласынды – 5 адам, Атырау облысында – 11 адам, Қызылорда облысында 11 адам анықталған. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 229 адам, Алматы қаласында – 128 адам, Қарағанды облысында – 61 адам, Ақмола облысында – 61 адам, Атырау облысында – 59 адам, Жамбыл облысында – 46 адам, Шымкент қаласында – 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 4 адам, Маңғыстау облысында – 9 адам, Қызылорда облысында – 116 адам, Батыс Қазақстан облысында – 6 адам, Түркістан облысында – 35 адам, Қостанай облысында – 3 адам. Жалпы 840 науқас тіркелді.