Биыл қорытынды аттестаттау емтихандары өткізілмейді

Биыл қорытынды аттестаттау емтихандары өткізілмейді

Биыл қорытынды аттестаттау емтихандары өткізілмейді
ашық дереккөзі
Қашықтан оқыту жағдайында бітірушілерді қорытынды аттестаттау пәндер бойынша жылдық бағалары негізінде жүргізіледі. Аттестат пәндер бойынша жылдық бағалар негізінде беріледі. ҰБТ-ны өткізу мерзімдері өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай мен оқушылардың қашықтан оқыту түріне ауысуына байланысты Білім және ғылым министрлігі 9 (10) сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау емтихандарын, ал 11 (12) сынып оқушылары үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын өткізбеу туралы шешім қабылдады. «Біз сараптай келе осындай шешім қабылдадық. Тиісті өзгертулер Министрліктің бұйрықтарына енгізілді. Жекелеген емтихандар өткізілмейтін болады. Бұл оқу жетістіктерін қорытынды бағалаудың барынша әділдігін қамтамасыз етеді», – деп хабарлады Министрліктің баспасөз қызметі. Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мерзімі өзгеріссіз қалып отыр. Түлектер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған сынама тесттерін тегін пайдалана алады. Әр пән бойынша тестілеудің 70 бірегей нұсқасы ұсынылып отыр. Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдан бері ҰБТ нәтижелері ЖОО түсуге және білім гранттарын иеленуге, ал қорытынды аттестаттау емтихандарының нәтижесі аттестат алу үшін қажет.