Президент ТЖ режимін сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырды
Президент ТЖ режимін сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырды
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук-парақшасында жазды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінің толық мәтінімен www.akorda.kz сайтынан танысуға болады.
Мемлекеттік комиссия отырысына облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары бейнебайланыс режимі арқылы қатысты.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілгендігі туралы Жарлыққа қол қойған болатын.