Көші-қон заңы отбасы тұтастығына қайшы келе ме?
Көші-қон заңы отбасы тұтастығына қайшы келе ме?
Халқымыздың «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағидасы қай кезде де өз маңызын жойған емес. Мемлекетті дамытатын, демографиялық ахуалды арттыратын тек қана саламатты және толық отбасы екені баршаға мәлім. Сол себепті алдымен отбасы институтын, отбасы құндылығын, отбасының толықтығын мемлекет тарапынан қолдауға қандай шара қолданды деген мәліметтерге мән берсек.
– Мен 2003 жылы көктемде Түркияда магистратураны бітіріп, дәл сонда докторантураға түсуге бел байладым. Ал докторантураның емтиханы қыркүйек айында еді. Сондықтан да мен мамыр, маусым, шілде, тамыз және қыркүйекті қосқанда 5 ай Түркияда заңсыз түрде қалуыма тура келді. Өйткені Қазақстанға келіп-кетуге ақша болмады әрі сол жерде қалып, емтиханға дайындалу тиімді болды. Қыркүйек айында докторантураға түстім. Қазан айында докторантураға түскенім туралы құжаттарды алып, Көші-қон полициясына көрсетіп, құжатымды реттеп алдым.
1995 жылы қабылданған шетелдіктердің құқығын қорғайтын заң бар. Одан кейін де көптеген өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Ол жерде шетелдіктермен қазақстандықтар үйленуге және қазақстандықтардың шетелдіктермен үйленуіне, Қазақстанда тұруына құқылы делінген. Бірақ Қазақстанда тұруға байланысты рұқсат қандай да бір нақты бап қарастырылмаған. Бұл мәселе толықтырылуы керек еді.
Жалпы, дамыған елдерде некесі заңды түрде қиылған азаматтар міндетті түрде зайыбын сол елдің азаматы болуы себепті ықтиярхат ала алады. Яғни бұл барлық дамыған елдерде бар тәжірибе. Оның біздегідей елден шығып келуі де керек емес. Күйеуі немесе әйелі сол елдің азаматы болғандығы үшін отбасын бұзбау мақсатында құжаттандырып береді.
Сондықтан отбасының белгілі бір мүшесі депортацияланбауы керек. Бұл жерде отбасы құндылығы сақталуы керек. Отбасы – халықаралық құқық бойынша да, жалпыға ортақ этика тұрғысынан да зорлықпен бөлінбеуі тиіс бір бүтін институт. Сол себепті де «сіз біздің елдің азаматы емессіз, ықтиярхатыңыздың уақыты бітіп қалды» деп депортациялауға қандай да бір елдің хақы болмауы керек.
Бұл жерде сіздер «тек аналардың құқығы бұзылды» деп қарамаңыздар. Өйткені отбасында бала болатын болса, ол әкесіз немесе анасыз қалады. Сондықтан ең бірінші балалардың және әкелердің, жалпы адам құқығы бұзылып отыр. Тіптен бала болмаған күннің өзінде депортацияламай-ақ, ескерту беруге, айыппұл салуға болар еді.
Мысалы үшін Түркияның заңына қараңыз, шетелдік азамат түркиялық азаматпен үйленген кезде Түркия мемлекеті ол шетелдік азаматқа 5 жылға ықтиярхат береді және оның мерзімін 4 рет ұзартып алуға болады. Негізінде 5 жылдан кейін Түркиядан онсыз да сол елдің азаматтығын ала аласың.
Әйгерім ҚҰСАЙЫНҚЫЗЫ, халықаралық заңгер:
Мемлекет азаматтарға түсіністікпен қарап, отбасы құндылығын қорғауы қажет