Коронавирус: Ресейде дерті асқынғандарды емдеудің жаңа әдісі қолданыла бастады

Коронавирус: Ресейде дерті асқынғандарды емдеудің жаңа әдісі қолданыла бастады

Коронавирус: Ресейде дерті асқынғандарды емдеудің жаңа әдісі қолданыла бастады
ашық дереккөзі
Ресейдегі Склифосовский атындағы жедел жәрдем институтында және Мәскеу қалалық №52 ауруханасында COVID-19 инфекциясына шалдыққан науқастарға індеттен айыққан адамдардың қанын құю сынағы жүргізілді. Бұл туралы Мәскеудің вице-мэрі Анастасия Ракова мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. «Біз өзге елдердегі ғалымдардың  ізденістерін үнемі бақылап отырамыз. Мұндай зерттеулер Қытай, Германия, АҚШ-та сәтті жүргізілуде. Науқастарды емдеудің жаңа әдісі пандемиямен күресте оң нәтиже береді деп үміттенеміз», - деді А.Ракова. Ресейлік мамандардың айтуынша, коронавирустан айыққан пациенттердің қанында антиденелер болады, сондықтан оны өзге науқастарды емдеуге қолдануға болады. Донор болуға келіскен алғашқы 11 адамның қан алынып, 7 науқасқа құйылған. Бұл технологияны коронавируспен күрес жөніндегі клиникалық комитет қолдаған. Мәскеудің вице-мэрі Анастасия Ракованың сөзінше, бір донордың плазмалары 1-3 науқаста  жетеді. «Дәрігерлердің айтуынша, ең бастысы – донорлардың түсіністік танытып, көмек қолын созуы. Мамандар қаншалықты көп плазма дайындай алса, соншалықты көп адамды құтқаруға болады» , - дейді Мәскеу мэрінің орынбасары. Өз кезегінде Склифосовский атындағы жедел жәрдем институтының директоры Сергей Петриков коронавирустан емделіп шыққандардың плазмасы ең әуелі ауыр халде жатқан науқастарға құйылатынын атап өтті. Бүгінде  Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 10 мыңнан асқан. 700-ге жуық адам емделіп шықса, 76 адам көз жұмды. Індет жұқтырғандардың 7 мыңға жуығы Мәскеуде тіркелген. Ел астанасында 38 науқас қайтыс болды.