Омархан Өксікбаев: Бірліктің алмайтын қамалы жоқ

Омархан Өксікбаев: Бірліктің алмайтын қамалы жоқ

Омархан Өксікбаев: Бірліктің алмайтын қамалы жоқ
ашық дереккөзі
– Мемлекет бас­­­­шысы Қасым-Жомарт То­қаев төтенше жағдай кезіндегі халықты қол­­­дауға арналған шаралар ті­зімін көрсетіп, әлеуметтік қолдау шара­ла­рын іске асыруды тапсырды. Мұны Елбасы қол­дап, сол сая­сатты ары қарай жалғас­тырып, мұқтаж жан­­дардың барлығы назар­дан тыс қалмай­ты­нын атап өтті. Бұл елі­міздің әрбір тұр­­ғы­ны мемлекет қам­қор­лығында бола­ты­нын, олардың әрқайсысына жағдай жаса­ла­ты­нын және мұндай жағдай жасауға мем­ле­кетіміздің мүмкіншілігі бар екенін көрсетті. Карантинге байланысты кәсіпкерлік те тоқтады. Кәсіпкерлік тоқтағаннан кейін кә­­сіптің төңірегінде жұмыс істеп жүргендер табыссыз қалды. Міне, осылардың бар­лығын қолдап, ертең аяғынан тік тұрып кететіндей жағдайға келу үшін мүмкіндік ту­ғызу – қазіргі Үкіметтің және Мемлекет бас­шысының Қазақстан халқына соңғы Жолдауында айтқандай көрсетіліп отыр. Сондықтан Елбасы бірінші еліміздің Тұң­ғыш Президенті ретінде жағдайды бақылап, қа­дағалап және біліп отырғанын айта оты­рып, осы жағдайда өзінің мемлекет басында бол­ған жылдарында экономиканы қа­лып­тастырып, халықаралық қатынастарды жандандырып және сол экономиканың өсімі бар кездерінде тиісті Ұлттық қордың құ­рылғанын, сол қордағы қаражатты ке­зінде популистер «халыққа таратып жі­берейік» дегенде бермей, бүгінге дейін сақ­тап, пайдаланатын мүмкіндіктің туындап отырғанын жеткізді. Ұлттық қор мен алтын-валюта қорында 90 миллиард АҚШ доллары мемлекетімізді тап­шылық жағдайдан алып шығуға мүм­кіндік береді. Ендігі жағдай әрине, сол бөлінетін қаржының тиімді жұмсалуы. Осы жағ­дайды пайдаланып, қазір жасыратыны жоқ, жоқ жерден бағаны қолдан өсіріп, сұ­ра­­­ныс­қа ие тауарлардың бағасын аспан­да­тып, аяқастынан пайда тапқысы келіп, халықтың жағдайын емес, жеке басының бас пайдасын ойлайтындар көбейді. Алаяқтармен күресті Nur Otan партиясының жанынан Сыбайлас жемқорлықпен күресетін қоғамдық кеңеспен партиялық ба­қылау тобы айналысып жатыр. Себебі 90 млрд доллар – орасан зор қаржы. Ал енді сол қаржының көзін тауып, тиісті орнына баруы бұл біздің экономикамыздың жыл­дам аяққа тұрып кетуіне әсерін тигізеді. Бүгінгі халқымыздың таршылық көріп отыр­ғаны, әсіресе әлеуметтік көмекке мұқ­таж халқымыздың еңсесін түсірмей, аштық пен тапшылыққа ұрындырмай, мемлекеттің назарынан тыс қалмайтындай жағдай ту­ғызу – бұл соның төңірегінде айналысып жүр­ген азаматтардың бүгінгі таңдағы ел­шілдігін, бауырмалдығын, мемлекеттік қыз­метке адалдығын көрсетеді. Елбасы өзінің үндеуінде осы жағдайда ең бастысы тәртіп керек екенін, тәртіп бол­май ештеңе оңалмайтынын атап өтті. Бауыр­жан Момышұлының «Тәртіпсіз – ел бол­майды, тәртіпке бас иген ел құл бол­май­ды» деген қанатты сөзін бекем ұстанға­ны­мыз жөн. Содан кейін барып халқымызға ке­­регі бірлік.  Өйткені береке-бірліктің ал­­­майтын қамалы, бағындырмайтын биігі бол­майды.