Жаңалықтар

Қашықтан оқыту: Ұстаздардан есеп талап еткен басшылар жазаланды

ашық дереккөзі

Қашықтан оқыту: Ұстаздардан есеп талап еткен басшылар жазаланды

IV тоқсан басталғалы ҚР Білім және ғылым министрлігінің call-орталығына 97 өтініш келіп түскен.  Оның ішінде министрдің қашықтан оқыту бойынша есеп беруді талап етпеу жөніндегі бұйрығының мектеп әкімшілігі немесе білім беру бөлімдері тарабынан бұзылғандығы туралы педагогтердің шағымдары да бар, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. «Барлық шағымдар қаралды. Кейбір жағдайларда бұйрықты бұзу фактілері расталды. Бүгінгі күні педагогтерден қашықтан оқыту бойынша есеп беруді талап еткені үшін (видеофрагменттер, скриншоттар мен фото) Алматы облысында мектеп директоры, Қарағанды облысында білім бөлімінің қызметкері және Ақтөбе облысында әдістемелік кабинеттің меңгерушісі жазаланды» делінген хабарламада. Еске сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрінің «COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде оқу процесін қашықтан оқыту технологияларына көшіру кезінде білім сапасын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар туралы» бұйрығына сәйкес педагогтерден қашықтан оқыту бойынша есеп беруді талап етуге болмайды. Бұл мәселе Білім және ғылым министрлігінің ерекше бақылауында