9 Сәуір, 11:18 617 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Мәскеуде қарттар үйі жанып кетті

Мәскеуде қарттар үйі өртеніп, төрт адам көз жұмды. Тілсіз жаудан зардап шеккен екі адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды  ТАСС.

Қаланың 3-ші Мякинин көшесіндегі қарттар үйі ғимаратындағы өрт сәрсенбі күні кешке басталған. Өрттің күрделілігі үшінші дәрежелі деп бағаланды. Мәскеудің батысындағы қарттар үйіндегі өрт басталмас бұрын қазандықта мақта болыпты. Оның жалпы ауданы – 300 шаршы метр.

Вице-мэр Петр Бирюковтың айтуынша, өрт шыққан кезде ғимаратта 65 адам болған, олардың көпшілігі құтқарылған. 10-нан астам адам жарақат алды.

Мәскеу бойынша ТЖМ ММ Өрт сөндіру қызметі басшысының орынбасары Максим Латаев өрт сөндірушілер адамдарды жанып жатқан үйден алып шыққанын хабарлады. Оның айтуынша, бірінші өрт-құтқару бөлімшесі келген кезде біріншіден төртінші қабатқа дейін өте қатты түтін шыққан.

«Түтін созылған арақашықтықта ештеңе көрінбеген. Қозғала алмайтын көптеген адам көмек сұраған. Барлық күш оларды құтқаруға жіберілді»,- деп атап өтті ол.

Адамдарды құтқару үшін «Феникс» (тыныс алу органдарын қорғауға арналған) және құтқару қалпақшалары да қолданылған.

Мәскеу мэрінің әлеуметтік даму мәселелері бойынша орынбасары Анастасия Ракова  «Үшінші жас» қарттар үйінің құтқарылған қызметкерлері қалалық әлеуметтік қорғау мекемелеріне орналаса алатынын мәлімдеді.

«Тілсіз жаудан зардап шеккендердің барлығына қалалық әлеуметтік қорғау мекемелеріне орналастыру ұсынылды. Әрқайсына қажет болған жағдайда психологиялық немесе медициналық көмек көрсетіледі. Біз жағдайды бақылауда ұстаймыз», - деді А.Ракова.

=

Соңғы жаңалықтар