Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандар саны 92-ге жетті
Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандар саны 92-ге жетті
Қызылорда облысында коронавирус жұқтырудың 7 жаңа дерегі тіркелді.
Ауру жұқтырғандардың бесеуі - Шиелі ауданында, біреуі - Сырдария ауданында және бір жағдай Қызылорда қаласында тіркелген.
Шиелідегі 5 адамнан және Сырдариядағы 1 адамнан коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты, ал Қызылорда қаласында анықталып отырған 1 адамнан ЖРВИ симптомдарына шағымдануына байланысты зертханалық сынамалар алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. 9 сәуірдегі жағдай бойынша облыста COVID-19 инфекциясына шалдыққан 92 адам бар:
Қызылорда қаласында – 10
Жаңақорған ауданында – 16
Қармақшы ауданында – 4
Шиелі ауданында – 52
Сырдария ауданында – 8
Арал ауданында - 2.