Коронавирус жұқтырғандардың үйіндегі мысығы да карантинге жіберіледі
Коронавирус жұқтырғандардың үйіндегі мысығы да карантинге жіберіледі
Коронавирус адамнан жануарға берілуі мүмкін. Cондықтан Ұлыбританияның ветеринарлар қауымдастығы індет жұқтырған науқастардың үйіндегі мысықты оқшаулау қажет деп есептейді, деп хабарлайды CNN.
«Коронавирус жұқтырғандар тұратын үйдегі мысықты иелері үйден шығармауы арқылы оқшаулауы керек. Бұл үй карантиніндегі адамдарға да қатысты»,- дейді мамандар.
Қауымдастықың айтуынша, осы кезге дейін жануарларда COVID-19-ға қатысты аз жағдай тіркелген. Үй жануарлары COVID-19-ды иелеріне жұқтыратынына да ешқандай дәлел жоқ.
Десе де, ветеринарлар вирус жануарлардың жүнінде болуы мүмкін екенін ескертеді, сондықтан қолды жуу - өзіңді қорғаудың ең жақсы тәсілі.
Еске сала кетсек, бұған дейін америкалық БАҚ Нью-Йорк зообағындағы жолбарыстан коронавирус табылғанын хабарлаған.