Президент «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» жарлыққа қол қойды

Президент «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» жарлыққа қол қойды

Президент «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» жарлыққа қол қойды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» 2020 жылғы 8 сәуірдегі №299 Жарлығына қол қойды, – деп хабарлады Ақорда. Әлемдік экономикадағы қазіргі жағдайды, тауар нарығындағы баға конъюнктурасын, сондай-ақ әлемдегі коронавирус пандемиясын ескере отырып, 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды. Бұл болжам және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру қажеттілігі 2020 жылғы республикалық бюджеттің параметрлерін нақтылауға негіз болып табылды.