Ауа райы болжамы: күн қайта суытады – Қазгидромет

Ауа райы болжамы: күн қайта суытады – Қазгидромет

Ауа райы болжамы: күн қайта суытады – Қазгидромет
ашық дереккөзі
Синоптиктер 2020 жылғы 9-11 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Қазгидромет. «Еліміздің солтүстігінде жаңбырдың қарға ауысуын және күшті екпінді желдің соғуын тудырған Атлант мұхиты аумағынан келген циклон, ертең, 9 сәуірде республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбырдың арты қарға ұласуы) әкеледі. Ал циклонды Мәскеу маңынан келетін суық антициклон ығыстырады. Жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы төмендейді», – делінген хабарламада.