7 Сәуір, 21:08 522 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

АҚШ-та коронавирус құрбандарының саны 200 мыңға жетуі мүмкін – Ақ үй

АҚШ-тың Вашингтон штатының губернаторы Джей Инсли коронавирустың таралуына байланысты мектептер оқу жылының аяғына дейін ашылмайтынын мәлімдеді.  

Штаттағы жеке және мемлекеттік мектептердің 1 млн астам оқушысы маусым айының аяғына дейін қашықтан оқымақ. Билік өкілдерінің айтуынша, егер жаз айына дейін індеттің беті қайтпаса, қашықтан оқу күзде де жалғасуы мүмкін.

Вашингтон штатында мектептер 17 наурызда жабылған, әуелде 27 сәуірде ашылады деп болжанған. Өткен аптада губернатор қосалқы кәсіпорындарды жабу туралы бұйрық шығарып, тұрғындарды 4 мамырға дейін үйде отыруға шақырды.

Соңғы дерек бойынша, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 368 241 адамға жетті. Індетке шалдыққандардың 10 986-сы көз жұмса, 19 828 адам дертінен айыққан.

Ақ үйдің болжамынша, сәуірдің екінші жартысында елде індет құрбандарының саны 100-200 мың адамға жетуі мүмкін.

Айта кетейік, Қазақстанда 685 адамнан коронавирус анықталды. Індет жұқтырған 50 адам емделіп шықты. 6 адам көз жұмды.

 

 

Соңғы жаңалықтар