Мәскеуде коронавирус жұқтырғандардың көбі – 45-ке толмағандар

Мәскеуде коронавирус жұқтырғандардың көбі – 45-ке толмағандар

Мәскеуде коронавирус жұқтырғандардың көбі – 45-ке толмағандар
ашық дереккөзі
Мәскеуде коронавирус жұқтырған жаңа науқастардың 50 пайыздан астамы – 45 жасқа толмаған азаматтар. Бұл туралы Мәскеудегі коронавирус жағдайын бақылау мен мониторингтеу бойынша шұғыл штабқа сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.  Шұғыл штабтың мәліметінше, Ресей астанасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 697 жаңа дерегі тіркелген. Осылайша Мәскеуде індетке шалдыққандардың жалпы саны 5181 адамға жетті. "Жаңа науқастардың 47,5 пайызы – 18-ден 45 жасқа дейінгі, 34 пайызы – 46-дан 65 жасқа дейінгі және 14,5 пайызы 65 жастан жоғары азаматтар, олардың 5 пайыздан астамы – жастары 80-нен асқан қарттар. Сондай-ақ науқастардың 4 пайызы – балалар", – делінген хабарламада. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға келсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 685 адамға жетті. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында - 55 адам, Ақмола облысында - 42 адам, Атырау облысы - 32 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 20 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 5 адам, Қызылорда облысында - 54 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 33 адам, Қостанай облысында - 3 адам тіркелді.