Жаңалықтар

Алматы әкімдігі 42 500 теңге ала алмаған азаматтардың шағымына жауап берді

ашық дереккөзі

Алматы әкімдігі 42 500 теңге ала алмаған азаматтардың шағымына жауап берді

Алматыда өтініш толтыру барысында жеке деректерін дұрыс көрсетпеген 275 азаматқа 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілмеген. Бұл туралы қалалық Әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева мәлімдеді.   «Алғашқы күндері өтініштер ағыны көп болғанда ескерту жасалды. Көпшілігі форманы дұрыс толтырмаған. Оның ішінде деректер дұрыс көрсетілмеген. Қалада тегі ұқсас адамдар өте көп. ЖСН, есепшот нөмірін дұрыс көрсету қажет еді. Осындай дұрыс толтырылмаған 275 өтініш кері қайтарылды. Олар қателерін жөндеп қайта тапсырса болады», - деді Р.Шимашева. Айта кетейік, әлеуметтік көмекке өтініш жолдаған азаматтарға 3 жұмыс күнінің ішінде СМС арқылы жауап келеді.