Алматыда коронавируспен күреске бөлінген қаржы көлемі жарияланды
7 сәуір, 2020 /
Анар ЛЕПЕСОВА
Алматыда коронавируспен күреске бөлінген қаржы көлемі жарияланды
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев шаһардағы коронавируспен күрес жұмыстарына қанша қаржы бөлінгенін мәлім етті.
«Бірінші транш – Үкімет резервінен 73,5 млн теңге бөлінген болатын. Бұл қаражатқа медицина қызметкерлеріне жеке қорғаныс құралдары мен науқастарды емдеу үшін дәрі-дәрмек сатылып алынды. Одан кейін 94,5 млн теңге әкімдік тарапынан бөлінді. Бұл қаражатқа жеке қорғаныс құралдары, дезинфекциялау құралдары сатылып алынды. Үшінші рет 1 млрд 300 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат жеке қорғаныс құралдары мен зарарсыздандыру құралдарын, антисептик, дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсалды», - деді басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев.
Айта кетейік, бүгінде Алматыда індет жұқтырғандардың саны 119 адамға жетті. Олардың 21-і емделіп шықты.