Алматыда коронавируспен күреске бөлінген қаржы көлемі жарияланды

Алматыда коронавируспен күреске бөлінген қаржы көлемі жарияланды

Алматыда коронавируспен күреске бөлінген қаржы көлемі жарияланды
ашық дереккөзі
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев шаһардағы коронавируспен күрес жұмыстарына қанша қаржы бөлінгенін мәлім етті.  «Бірінші транш – Үкімет резервінен 73,5 млн теңге бөлінген болатын. Бұл қаражатқа медицина қызметкерлеріне жеке қорғаныс құралдары мен науқастарды емдеу үшін дәрі-дәрмек сатылып алынды. Одан кейін 94,5 млн теңге әкімдік тарапынан бөлінді. Бұл қаражатқа жеке қорғаныс құралдары, дезинфекциялау құралдары сатылып алынды. Үшінші рет 1 млрд 300 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат жеке қорғаныс құралдары мен зарарсыздандыру құралдарын, антисептик, дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсалды», - деді басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев. Айта кетейік, бүгінде Алматыда індет жұқтырғандардың саны 119 адамға жетті. Олардың 21-і емделіп шықты.