Жаңалықтар

Түркияда медициналық маска сатуға тыйым салынды

ашық дереккөзі

Түркияда медициналық маска сатуға тыйым салынды

Түркияда медициналық маскалардың сатылуына тыйым салынды, деп хабарлайды Lenta.ru  Бұдан былай Түркия азаматтары медициналық бетперделерді тегін ала алады. "Жергілікті билік "е-девлет" немесе PTT сайтының поштасында тиісті өтініш қалдырған біздің азаматтарымызға тегін медициналық маска жіберуді бастады. Масканың сатылымына тыйым салынады", - деді Түркия президенті. Джонс Хопкинкс атындағы университеттің соңңы дерегіне сүйенсек, Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны 30 217 адамға жетті. Елде 1326 адам ауруынан айықса,  649 адам індеттен көз жұмды. Ал әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 миллион 340 мыңнан асып жығылды.  Індеттен 75 мыңға жуық адам қайтыс болды.э Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға келсек, Қазақстанда 670 адамнан коронавирус анықталды. 46 адам дертінен айықса, ауруы асқынған 6 адам көз жұмды.