Коронавирус: Ұлыбритания премьер-министрінің жағдайы күрт нашарлады

Коронавирус: Ұлыбритания премьер-министрінің жағдайы күрт нашарлады

Коронавирус: Ұлыбритания премьер-министрінің жағдайы күрт нашарлады
ашық дереккөзі
Коронавирусқа шалдыққан Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсонның жағдайы күрт нашарлады.  Жексенбі күні Сент-Томас ауруханасына жатқызылған үкімет басшысы қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды, деп хабарлайды Euronews. Бір күн ішінде саясаткердің жағдайы нашарлап кеткеннен кейін дәрігерлер осындай шешім қабылдаған. Борис Джонсон Сыртқы істер министрі Доминик Раабадан егер қажеттілік туындаса, үкімет басшысының міндетін атқаруды сұраған. Бұған дейін Ұлыбритания премьері Twitter-дегі парақшасында жоспарлы сынама тапсыру үшін дәрігерінің кеңесі бойынша ауруханаға барғанын жазған, себебі премьерде әлі де сырқат белгісі кетпеген. Саясаткер өзінің жақсы көңіл - күйде екенін атап өтті. Сондай-ақ, Джонсон өзіне және басқа адамдарға көмек көрсеткен дәрігерлерге алғыс білдіріп, британдықтарды шектеу шараларын сақтауға шақырды. Бүгінде Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар саны 51 608 адамға жеткен. Елде індеттен 5373 адам көз жұмды. Ал Қазақстанда  коронавирус инфекциясы 670 адамнан анықталды. Індеттен 46 адам айығып, 6 адам көз жұмды.