6 Сәуір, 16:29 1134 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Қазақстанда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирус жұқтырған бір медициналық қызметкер ауыр халде жатқанын мәлім етті, – деп жазды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда Қазақстанда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған. Олардың 67 адам коронавирус індетін жұқтырды деген күдікті немесе жұқтырғандармен жұмыс істегендер. Біреуі ауыр жағдайда жатыр. 7 пайыз не 9 адам орташа ауырлықта, қалған 57 адам жеңіл және симптомсыз жатыр», – Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің айтуынша, оларға әлі төлем жүргізілмеген. Әйтсе де дәрігерлерде әлеуметтік төлем жүргізудің құқықтық-нормативтік құжатының жобасы жасалып қойған.

Соңғы жаңалықтар