Қазақстанда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған

6 сәуір, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Қазақстанда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирус жұқтырған бір медициналық қызметкер ауыр халде жатқанын мәлім етті, – деп жазды ҚазАқпарат. «Қазіргі таңда Қазақстанда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған. Олардың 67 адам коронавирус індетін жұқтырды деген күдікті немесе жұқтырғандармен жұмыс істегендер. Біреуі ауыр жағдайда жатыр. 7 пайыз не 9 адам орташа ауырлықта, қалған 57 адам жеңіл және симптомсыз жатыр», – Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің айтуынша, оларға әлі төлем жүргізілмеген. Әйтсе де дәрігерлерде әлеуметтік төлем жүргізудің құқықтық-нормативтік құжатының жобасы жасалып қойған.