Коронавируспен күрес: Қазақстандықтарға психологиялық көмек беретін сайт іске қосылды

Коронавируспен күрес: Қазақстандықтарға психологиялық көмек беретін сайт іске қосылды

Коронавируспен күрес: Қазақстандықтарға психологиялық көмек беретін сайт іске қосылды
ашық дереккөзі
Халыққа психологиялық көмек беру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы (ЮНИСЕФ) covid-19.mentalcenter.kz сайтын ашты. «Аталған сайтта өзіңізді қызықтыратын сұрақтарға жауап алып, психологтың немесе психотерапевттің кеңесін тыңдай аласыз. Ол үшін алдын ала өтінім қалдыру керек. Өтінім берушіге сілтемесі бар СМС-хабарлама келеді. Ол сілтемеге өткеннен кейін тиісті маманмен белгіленген уақытта әңгімелесуге болады», - деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-арнасында. Аталған жобаға денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік және мемлекеттік емес секорда еңбек ететін 50 маман тартылған. Жоба арқылы коронавирус инфекциясы таралған уақытта жергілікті жағдай ескерілген үздік халықаралық психологиялық көмек беріледі.