Қазақстанда коронавирустан алтыншы науқас көз жұмды

Қазақстанда коронавирустан алтыншы науқас көз жұмды

Қазақстанда коронавирустан алтыншы науқас көз жұмды
ашық дереккөзі
Шымкентте коронавирустан 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Сайт таратқан мәліметтерге қарағанда, қайтыс болған 1964 жылы туған азамат. Осымен елімізде қауіпті вирустан қайтыс болғандар саны 6 адамға жетті. Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 551-ге жетті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында – 110 адам, Қарағанды облысында - 27 адам, Ақмола облысында - 20 адам, Атырау облысы - 22 адам, Жамбыл облысында - 28 адам, Шымкент қаласында - 13 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 5 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 10 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 30 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 25 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 551 науқас тіркелді.