Германияда шетелдіктерге пәтерін жалға бергендер 10 мың еуро айыппұл төлейді

Германияда шетелдіктерге пәтерін жалға бергендер 10 мың еуро айыппұл төлейді

Германияда шетелдіктерге пәтерін жалға бергендер 10 мың еуро айыппұл төлейді
ашық дереккөзі
Германияда коронавирустың  таралуына байланысты енгізілген карантин тәртібін бұзғандарға жаза күшейтілді. Бұдан былай елге келген саяхатшыларға пәтерді жалға бергені үшін үй иелеріне 10 мың еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін. Мейрамхана, дәмхана, фитнес клуб және кітапханаларға да шетелдіктерді қабылдауға тыйым салынған. Ал аурухана мен қарттар үйіне бармау туралы ережені бұзғандар 2 жарым мың еуро төлейді. Бірақ ел билігі саябақтарды жаппауды жөн көрген. Тіпті тұрғындарға серуендеп, спортпен айналысуға да рұқсат етілген. Бастысы, 5 метрлік арақашықтықты сақтау қажет. Бүгінде Германияда коронавирус жұқтырғандар саны 95614-ке жеткен. Індетке шалдыққандардың саны жөнінен бұл ел АҚШ, Испания және Италиядан кейінгі төртінші орында. Соңғы дерек бойынша, мемлекеттің 1427 тұрғыны коронавирустан көз жұмған. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 551-ге жетті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында – 110 адам, Қарағанды облысында - 27 адам, Ақмола облысында - 20 адам, Атырау облысы - 22 адам, Жамбыл облысында - 28 адам, Шымкент қаласында - 13 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 5 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 10 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 30 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 25 адам, Қостанай облысында - 1 адам тіркелді.