Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 531-ге жетті

ашық дереккөзі

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 531-ге жетті

Қазақстанда 4 сәуірдің 22.45 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелдi. Қызылорда облысында - 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 3 адам, Жамбыл облысында - 1 адамнан індет анықталды.  Coronavirus2020.kz порталының хабарлауынша,  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында – 110 адам, Қарағанды облысында - 27 адам, Ақмола облысында - 20 адам, Атырау облысы - 22 адам, Жамбыл облысында - 11 адам, Шымкент қаласында - 13 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 4 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 10 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 30 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 23 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 531 науқас тіркелді.