«Меркі-Бурылбайтал» тасжолы ашылады

Жамбыл облысына қарасты Тәтті, Шу және Бірлік елді мекендерін айналып өтуге мүмкіндік беретін, ұзындығы 262 шақырымдық «Меркі-Бурылбайтал» автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Тасжолды қайта жаңарту жобасына сәйкес Меркіден Шуға дейінгі 86 шақырымдық жол учаскесі 4 жолағы бар І техникалық санатқа жатқызылады. Ал ұзындығы 176 шақырымды құрайтын Шу қаласының бұрма жолынан Бурылбайталға дейінгі жол учаскесі 2 жолағы бар ІІ техникалық санатқа кіреді.

Жоба бойынша елді мекендер жанында 6 көпір, 3 теміржол өтпесі, жарықтандырылған 11 жол айрығы, 276 құбыр, демалыс алаңдары, сондай-ақ автопавильондар салынады.

Тасжолды қайта жаңарту жұмыстарына 607 техника мен 1 500 жұмысшы жұмылдырылған. Аталмыш жолдағы қозғалыс 2020 жылдың соңына дейін ашылады деп жоспарланып отыр.

Back to top button