Карантинге жабылған тұрғын үйден қашамын деп омыртқасын сындырды

Карантинге жабылған тұрғын үйден қашамын деп омыртқасын сындырды

Карантинге жабылған тұрғын үйден қашамын деп омыртқасын сындырды
ашық дереккөзі
Ақтауда ер адам карантинге жабылған тұрғын үйдің үшінші қабатынан секіремін деп, жарақат алды, – деп хабарлады осы өңірдің денсаулық сақтау басқармасы.
«Ақтаудың 11-шағын ауданындағы уақытша науқастар тұрып жатқан №10 тұрғын үй карантинге жабылды. Осы уақытта сондағы үйлердің бірінде қонақта болған Бейнеу ауданының тұрғыны үшінші қабаттан секіріп, қашып кетпек болған. Алайда ол омыртқасын сындырып, қазір ауруханада жатыр», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева.
Айта кетейік, бұл тұрғын үй коронавирус анықталған соң оқшауланған. Онда вирус жұқтырған екі адам бір отбасы мүшесі.
Денсаулық сақтау басқармасы өңір тұрғындарын үйден шықпауға шақырды.
«Тұмау белгілері пайда болып, дене қызуы көтерілсе, дереу жедел жәрдем шақырыңыз немесе емханаға қоңырау шалып, жағдайыңызды түсіндіріңіз. Ауруханаларға және жеке клиникаларға барудың қажеті жоқ», – деді басқарма өкілі.
Еске салайық, Маңғыстау облысында коронавирус расталған үш адам бар.