4 Сәуір, 20:00 684 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Жалған ақпарат таратқан әйелге 106 мың теңге айыппұл салынды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Ақтөбе облыстық полиция департаменті әлеуметтік желіні бақылауға алды. Мониторинг жүргізу кезінде WhatsApp желісі арқылы тараған жалған ақпаратты анықтады. 

Қала тұрғыны аудио жазбаны сыныптастар тобына жіберген. Ол «Ақтөбеде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны ресми ақпараттан әлдеқайда көп және жеке клиниканың барлық қызметкері карантинге жатқызылды» деген мәлімет таратқан.

«Жедел-іздестіру кезінде полиция қызметкерлері әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпарат таратқан 46 жастағы айелді анықтады. Күдікті өзінің заңсыз іс-әрекетін мойындап, өкініп отыр. Бұл факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің «Төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сот 40 АЕК, яғни, 106 мың теңге айыппұл салды. Ақтөбе облысының полиция департаменті жалған ақпарат тарату фактілерін анықтау үшін күн сайын мониторинг жүргізіп, жедел жұмыстар жүргізіп жатыр», – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Соңғы жаңалықтар