4 Сәуір, 19:08 1486 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Коронавирустан қайтыс болған бесінші адам туралы деректер жарияланды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілясов коронавирус індетінен қайтыс болған Целиноград ауданының тұрғыны туралы деректерді айтты.

Қайтыс болған 1947 жылғы ер адам, Целиноград ауданының тұрғыны. Бұған дейін дисциркуляторлық энцефалопатия диагнозымен тіркеуде тұрған.

Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, биыл 1 наурызда науқастың көп ағзалық дертіне байланысты жағдайы нашарлаған. Бұл ретте тыныс алу, жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігі жоғарылап, күретамырлық қысым деңгейінің жоғары болғаны байқалды.

«2 сәуірде науқастың биологиялық өлімі тіркеліп, оның денесі сот-медициналық сараптама үшін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Зерттеу жүргізу кезіндегі секциондық материалда COVID-19 анықталды. Науқас болған жерде эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде, сондай-ақ қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда», – деді С. Ілясов.

Соңғы жаңалықтар