Шымкентте көлік жүргізушісінен коронавирус анықталды

Шымкенттің аумағынан өтіп бара жатқан транзиттік көлік жүргізушісінен коронавирус анықталды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдай штабы хабарлады.

«Науқас 1964 жылы туған Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына қарасты Атакент елдімекенінің тұрғыны. Ол 28 наурыз күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізуші «Мәскеу-Алматы» бағытында жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. Нәтижесінде шұғыл ауруханаға жеткізілген. Ал, транзиттік көлікті ары қарай айдап кеткен ұлы Алматы қаласында оқшауланып, стационарға жатқызылған. Бұл Шымкентте тіркелген 13-жағдай болып отыр», – делінген хабарламада.

Back to top button