Жаңалықтар

Алматы әкімі жаңа госпиталь салуға пәрмен берді

ашық дереккөзі

Алматы әкімі жаңа госпиталь салуға пәрмен берді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысын бастауға пәрмен берді, – деп жазды ҚазАқпарат. Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 280 орындық провизорлық госпитальдың құрылысы басталған алаңға барып, ондағы жұмыстармен танысты. Госпиталь салу туралы шешімді коронавирус инфекциясына қарсы күрес мақсатында құрылған ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету туралы Мемлекеттік комиссия қабылдаған болатын. Сондай-ақ, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевқа осы жобаны қолға алған компания өкілдерімен бірлесіп госпитальға аса қажетті құрал-жабдықтар мәселесін де пысықтауды тапсырды. Мердігер компания өкілдеріне қолға алған барлық жұмысты сапалы әрі уақытында бітіруді жүктеді.