#Bizbirgemiz акциясы аясында жалғызбасты қарияларға ыстық тамақ жеткізілді

 #Bizbirgemiz акциясы аясында жалғызбасты қарияларға ыстық тамақ жеткізілді

 #Bizbirgemiz акциясы аясында жалғызбасты қарияларға ыстық тамақ жеткізілді
ашық дереккөзі
Қазақстан спортшылары Нұр-Сұлтан қаласының жалғызбасты қарттарына ыстық тамақ жеткізуді қолға алды. Алматыда және өзге де бірқатар өңірде бастау алған карантин кезеңінде жалғызбасты қарияларға ыстық тамақ жеткізу туралы Қазақстан спортшыларының  #Bizbirgemiz акциясы Нұр-Сұлтан қаласында қолдау тапты.  width= Бұл бастама бизнес пен бұқараны халыққа көмек көрсетуге шақырған  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін қолдау мақсатында жүзеге асырылуда. Бүгін «Nur Otan» партиясы Nomad MMA республикалық федерациясымен бірлесіп, Қазақстандық аралас жекпе-жек федерациясының, Қазақстанның «ПенчакСилат» әскери өнер қауымдастығының қолдауымен елордада тұратын жалғызбасты қарияларға ыстық тамақ жеткізуді бастады. Бұл  акция аясында барлығы 200-ден астам жалғызбасты адам қамтылады.  width= Акцияның бастамашысы, Nomad MMA федерациясының президенті Гаджи Гаджиев: «Осынау қиын кезеңде халықтан сырт қала алмаймыз. Қазіргі карантин кезеңі әсіресе жалғызбасты қарияларға ауыр тиіп жатыр. Олардың көбі өздеріне тамақ дайындай алмайтын жағдайда. Біз оларға қамқорлық жасауымыз керек. Егер аймақтардағы бизнес-қауымдастық біздің акциямызды қолдап, қарияларын көмексіз қалдырмай, қолдарынан келген барлық мүмкіндікті жасайтын болса, біз оған қуанамыз», – деп атап өтті. Жұмысқа тартылып отырған курьерлер санитарлық норма-ережелерге сәйкес қорғаныш костюмдерімен және басқа да құралдармен қамтамасыз етілген. Естеріңізге сала кетейік, «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы, қала әкімдігі және Nomad MMA федерациясы 27 наурыздан бастап жалғызбасты қарттарға тегін ыстық тамақ жеткізуді ұйымдастырып келеді. Алматыда басталған акция Қарағанды, Атырау, Көкшетау және Құлсары (Атырау облысы) қалаларында қолдау тапты. Бүгінгі таңда карантин кезеңінде 1500 мыңнан астам қария ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.