Қазақстандағы 1080 мектеп штаттық режимде жұмысын жалғастырады
Қазақстандағы 1080 мектеп штаттық режимде жұмысын жалғастырады
Қазақстандағы 1 080 шағын жинақталған мектеп штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
«Елімізде 1 080 шағын жинақталған мектеп бар. Олар шалғайда орналасқан, 80-100 аралығында оқушы оқитын мектептер. Ол жақта коронавирус қаупі аз, сондықтан жергілікті атқару органдарының шешім қабылдауымен осы мектептер штаттық режимде оқуын жалғастырады. Дәстүрлі режимде сабақ жүргізіледі десек те, ауылдық жердегі көп мектеп бір ауысымда оқиды. Оларды екі ауысымға көшіреміз және карантиндік режимді іске асырып, бір кабинетте ғана сабақ жүргізілсін деген хаттама бекітіп бердік», - деді ведомство басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.