Қостанай облысында коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді

Қазақстанда тағы 7 адамнан коронавирус анықталды. 

Coronavirus2020.kz мәліметіне сенсек, 3 сәуір 18.10 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тiркелген. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында – 1 адам, Жамбыл облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 3 адам, Қостанай облысында – 1 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 199 адам, Алматы қаласында – 93 адам, Қарағанды облысында – 22 адам, Ақмола облысында – 19 адам, Атырау облысы – 20 адам, Жамбыл облысында – 8 адам, Шымкент қаласында – 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 4 адам, Алматы облысында – 9 адам, Ақтөбе облысында – 7 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 18 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 26 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 19 адам, Қостанай облысында – 1 адам, жалпы 460 науқас бар.

 

Back to top button