Мемлекет басшысы әнұранды бірге шырқаған елордалықтардың ісіне сүйсінді (видео)

Мемлекет басшысы әнұранды бірге шырқаған елордалықтардың ісіне сүйсінді (видео)

Мемлекет басшысы әнұранды бірге шырқаған елордалықтардың ісіне сүйсінді (видео)
ашық дереккөзі
Қазастан Президенті мемлекетіміздің әнұранын бірге шырқаған тұрғындар бастамасына қолдау білдірді.  «Карантинде отырған азаматтарымыздың риясыз көңілі мен шынайы ниеті бұл қиындықты бәріміз бірге еңсеретінімізге сенім ұялатады. #BizBirgemiz. We shall overcome», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында. Мемлекет басшысының айтуынша, елорда мен еліміздің басқа қалалары тұрғындарының Әнұранымызды бірге орындауы - Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі. «Халқымыздың бұл әрекеті зор құрметке лайық», - дейді ол. Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде елорда тұрғындарының балконнан әнұран шырқаған видеосы кең тарады. https://www.youtube.com/watch?time_continue=4&v=KOIFi-dzirs&feature=emb_logo