Мамандар киім-кешекті вирустан тазарту жолын түсіндірді

Мамандар киім-кешекті вирустан тазарту жолын түсіндірді

Мамандар киім-кешекті вирустан тазарту жолын түсіндірді
ашық дереккөзі
Сын сағаттарда оқшаулану мен ара қашықтықты сақтау маңыздылығын білмейтін адам кемде-кем. Десе де, сырттан келген соң үйге қалай кірген жөн? Қол тазалығы түсінікті, ал сырт киімді тазалау қаншалықты маңызды? Денсаулық сақтау саласы мамандарының айтуынша, вирус түрлі заттардың бетінде айтарлықтай ұзақ уақыт өмір сүреді. Мысалы, бір реттік қолдануға арналған медициналық қолғапта 8 сағатқа дейін, ал пластикте 5 күнге дейін өз белсенділігін жоғалтпайды. Яғни, вирус үйге адаммен ілесіп келуі әбден мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». Ақ халаттылар кесел жұқтырудан сақтану үшін киімді де зарарсыздандыру қажеттігін ескертеді.  "Арнайы құрамында этил спирті бар антисептикалық заттар бар. Солармен сырт киімнің тігісінің арасын өңдесе және оны басқа киімдерден бөлек сақтау керек. Ең дұрысы, балконда ұстаған дұрыс. Және сыртқа шығып келген аяқ киімді хлор сумен, аяқ киімнің табанын хлор сумен және этил спиртімен өңдеген өте дұрыс", - дейді ТКҚС бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы Әсия Молдыманова.